Антикор елордалық стадионға қатысты пара алу фактісін тергеп жатыр

Күдіктілерге қатысты олардың кінәсінің дәрежесін анықтай отырып, қорытынды шешімді сот қабылдайды, деп хабарлайды Антикор.

Алматы, NEGE. Антикоррупциялық қызметі Қ.Мұңайтпасов атындағы Орталық стадионды объектіні апаттық жағдайда деп тануға жәрдем көрсеткені үшін Нұр-Сұлтан қаласы бойынша Төтенше жағдайлар департаменті басқарма басшысына қатысты компания директорынан 5 миллион теңге сомасында пара алу фактісі бойынша тергеп-тексеру амалдарын бастады.

Тергеу жалғасуда. Өзге ақпарат тергеу мүддесінде жария етуге жатпайды.