Antikor Almaty қызметкерлері әнұранды бір уақытта шырқау бойынша акцияға қосылды
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күнін мерекелеуге орай Алматы қаласының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі патриоттық акцияға қосылды.
Алматы, NEGE. Департамент ғимаратында салтанатты сап түзеп, ведомство қызметкерлерінің нысанды киім-кешекте бір мезгілде мемлекеттік әнұранды орындауы өтті.
Осылайша, бекітілген күнінен бастап 30 жасқа толған Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздеріне мемлекеттік қызметшілер құрмет көрсетті.