Антикор Гүлмира Сатыбалдыға қатысты тағы бір қылмыстық іс тергеліп жатқанын растады

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Гүлмира Сатыбалдыға қатысты тағы бір қылмыстық істің тергеліп жатқанын хабарлады.

ғаламтордан

Алматы, NEGE. Агенттіктің ресми өкілі Данияр Бигайдаровтың айтуынша, бұл іс тек Сатыбалдыға ғана емес, басқа да адамдарға қатысты жүргізілуде.

«Қазіргі уақытта агенттік Гүлмира Сатыбалды мен басқа да тұлғалардың «Восточка» көпфункционалды тұрғын үй кешенінің құрылысы кезінде заңға қайшы әрекеттерге баруына байланысты қылмыстық істі тергеп жатыр», – деді ол.

Алайда, бұл істе нақты қандай баптар бойынша тергеу жүргізіліп жатқаны әзірге жарияланбады.

Қазір оқып жатыр

Трамптың ұлдары Қазақстандағы вольфрам жобасына қаржы құйды

Мәсімовтің бұрынғы күйеу баласы қос азаматтығы болғанын мойындады

Вьетнамда ұсталған блогер Қайсар Қамза көшеде еркін қозғалып жүр

Байқоңырдан «Союз-5/Сұңқар» зымыран-тасығышы алғаш рет ұшырылды