Антарктикадағы ауа температурасы тұңғыш рет 20°С-тан асты

Бразилиялық ғалымдар Антарктика аумағында ауа температурасының тұңғыш рет 20,75°С-қа жеткенін мәлімдеді. Мұндай көрсеткішті Антарктиканың солтүстік түбегіндегі Сеймур аралдарындағы сынап бағаналары тіркеген. Бұл туралы The Guardian басылымы хабарлады.

Алматы, NEGE.  Ғалымдар жаңа температуралық көрсеткішті «жақсылықтың нышаны емес», «мұндай болуы мүмкін емес» деп бағалауда.

«Біз өзіміз бақылайтын нысандардың көпшілігінде температураның көтеріліп жатқанын байқаудамыз. Бұрын-соңды мұндай болмаған»,— деді Антарктикада климаттың өзгеруін зерттеп жүрген ғалым Карлос Шефер.

Жаңа температуралық рекордты енді Дүниежүзілік метереологиялық ұйымы растауы керек.
Бұған дейін  БҰҰ жанындағы Дүниежүзілік метереологиялық ұйымы 2019 жылы әлем бойынша орташа температура индустрияландыру кезеңіне дейінгі уақытпен салыстырғанда 1,1°C-қа жоғары болғанын мәлімдеген еді.

Қазір оқып жатыр

Қызылордада «TURǴYNDAR AMANATY» партиялық жобасы аясында форум өтті

Өнеркәсіптің өңдеу секторындағы өсімі төрт айда 9,9%-ды құрады

Қазақстанда бақбақтың қай түрін жұлғандарға 13 млн теңге айыппұл салынады?

Күзде пайызсыз ипотека беріле бастауы мүмкін