Антарктидадан көлемі Лондондай айсберг бөлінді

Антарктидадағы Брант шельфтік мұздығынан көлемі Үлкен Лондонмен бірдей айсберг бөлінді, деп хабарлайды Қазақпарат.

Алматы, NEGE. Ғалымдар бірнеше жыл бойы қалыңдығы 150-метрлік мұздағы жарықты бақылаған, ол толықтай жексенбі күні бөлінген.

1500км² астам үлкен айсберг бөлінгенін жариялаған Британия антарктидалық қызметі (BAS) мұның климаттың өзгеруіне тікелей қатысы жоқтығын және теңіз деңгейінің көтерілуіне әкелмейтінін мәлімдеді.

Бұл оқиғаға дайындалған: Брант шельфтік мұздығында Halley британдық зерттеу стансасы орналасқан, 2016 жылы қауіпсіздік мақсатында оны «Бездна 1» жарығынан 23 шақырымға ауыстырған болатын.

Қазір оқып жатыр

Омаровтың анасына тиесілі зауыт аумағындағы өрттің алдын ала себебі анықталды

Тұрсын Алагөзов Шымкент сыра зауытының қызметкерлеріне 50 пәтер тарту етті

Тоқаев: Цифрлық теңгені кеңінен қолдану «ойын ережесін» өзгертеді

Еуразиялық қаржы компаниясы 28,4 млрд теңге дивиденд төлейді