Антарктидада жаңа жауған қардан пластик табылды

Антарктидада жаңа жауған қардан пластик қалдықтарының бөлшектері анықталды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Алматы, NEGE. Жаңа Зеландиялық ғалымдар Росса мұздығы аумағынан жаңа жауған қар үлгілерінен пластик қалдықтарды тапты. Зерттеу барысында ерітілген әр бір литр қардан шамамен 30-ға жуық түрлі пластик қалдықтардың бөлшегі анықталған. Ғалымдар олардың арасында шөлмек шығаруда қолданылатын полимер мен синтетикалық талшықтар көп кездесетінін айтады. Мамандар бұл Антарктидадағы мұздықтардың еруін жылдамдатып, құрлықтың экожүйесіне нұқсан келтіруі мүмкін деп отыр.

Қазір оқып жатыр

«Қазмырыш» зауытындағы жарылыс: екі адамның қазасынан кейін қылмыстық іс қозғалды

Жылдамдықты 2 км/сағатқа асырғаны үшін айыппұл салына ма: ІІМ жауап берді

Алматыда жылу-электр орталығын шоты бұғатталған компания салмақ

Құрылтай депутаттарына жеке мәселелерді мінберден айтуға тыйым салынбақ