2026 жылғы 25 қыркүйек – Қазақстан Республикасындағы жалпыұлттық аза тұту күні 25 сентября 2026 года – День общенационального траура в Республике Казахстан

Әншілер тойдан тапқан табысына салық төлеуге міндеттеледі

Бұл туралы Қаржы министрі Мәди Тәкиев мәлімдеді.

Pixabay

Алматы, NEGE. «Қосымша табыс болса, салық төлеу қажет. Мысалы, әртістер тойларда өнер көрсетеді, түрлі іс-шараларға қатысады. Сол табысты жыл соңына дейін декларацияда көрсетуі тиіс. Жылдық табыс 31 наурызға дейін тапсырылады, ал салық сәуірдің 10-на дейін төленуі керек. Мөлшері – 10 пайыз», – деді М.Тәкиев.

Бұл талап әлеуметтік желілерден немесе жарнамадан түскен кірістерге де қатысты болмақ. Сонымен қатар ақшаны қолма-қол алатын әншілерді де министрлік бақылайтын болады.