Әнші Мұқасан Шахзадаев лауазымды қызметке тағайындалды

"Нұр-Мұқасан" тобының экс-солисі Мұқасан Шахзадаев лауазымды қызметке тағайындалды. Бұл туралы Алматы қалалық мәдениет басқармасында мәлімдеді.

Алматы, NEGE. "Әнші Мұқасан Шахзадаев "Алматы әуендері" мекемесінің көркемдік жетекшісі болып тағайындалды", - делінген ведомство хабарламасында.

Мұқасан Шахзадаев 1972 жылы 1 қаңтарда Жамбыл облысы Талас ауданында туған дүниеге келген. 1989 жылы Тараз мәдени училищесін бітірген. 1990 жылы Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің (бұрынғы Әл-Фараби атындағы Шымкент педагогикалық мәдениет институтынның) музыка факултетін тәмамдаған.

1990 жылы "Нұр-Мұқасан" дуэтін құрып,  25 жыл өнер көрсетті.

Әнші - Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстан жастар одағы сыйлығының лауреаты.

Қазір оқып жатыр

Баян Алагөзова Меруерт Өтекешоваға пәтер сыйламақ

Ақтау теңіз портының бұрынғы басшысы сотталып, сот залында босатылды

Қазақстанда соғыс ардагерлерінің әрқайсысына 10 мың доллардан көмек берілді

Оралда өлім себебін жасырған сарапшы сотқа тартылды