Әнші Динара Сұлтан «Мәдениет саласының үздігі» атанды

Мемлекет тарапынан өнерпаздарға көрсетілген құрмет пен қошемет толастар емес. Бүгін Динара Сұлтан «Мәдениет саласының үздігі» атағына ие болды.

Динара Сұлтан үшін 2020 жыл жағымды жаңалықпен басталды. Шығармашылығын бағалап, елеп-ескерген жандарға алғысын айтқан әнші, қуанышты хабарды әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісті. «Құттықтап қойсаңыз артық болмас. Қуанышымда шек жоқ. Менің өнерімді бағалап, қолдап жүрген барша жандарға мың алғыс! Өнер жолында менің өнерімді жоғары бағалайтын аға-әпкелерім де аз емес,соның ішінде осы төсбелгіге лайықты деп санаған Тоқтар ағама мың алғыс! Алла разы болсын. Алда әлі де үлкен белестерге жетем деген үміттемін,тек сіздердің қолдауларыңызбен, жандарым!» - деді Динара инстаграм парақшасында.

Әдетте, әншілер атақ алса бірден сынның садағына ілігетін еді. Бір қызығы, Динараға кереғар пікір жазған желі қолданушылары болмады. Соған қарағанда Сұлтанды лайық деп таныса керек, оқырмандары бірден құттықтауларын жаңбырша жаудырды. Айта кетейік, Динара Сұлтан бірнеше халықаралық және республикалық байқаулардың жүлдегері. Отандық телеарналардың бірінде өткен «Жұлдызды жекпе-жек» жобасының үшінші маусымында жеңімпаз атанған. Сондай-ақ, шоу-бизнестегі көп балала аналардың тізімінде. Ендеше, өнер иесін марапатымен құттықтаймыз!

Қазір оқып жатыр

Астанада LRT жолақысы қанша теңге болуы мүмкін?

Шелдон Купердің рөлінде ойнаған америкалық актер қазақша ән салып берді

Қарашығанақ операторы 2 млрд теңге экологиялық айыппұл төледі

«Көктемді жолға салып жіберіңіздер»: елші қызылордалықтарға әзілмен өтініш айтты