Әнші Сиви Махмудидің бұрынғы күйеуіне іздеу жарияланды

Астана қаласының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі қазақстандық әнші Сиви Махмудидің бұрынғы күйеуі Аңсар Қажымұханұлына іздеу жариялады.

ғаламтордан

Алматы, NEGE. Құқықтық статистика және арнайы есепке алу органдары порталында көрсетілгендей, іздеу ісі осы жылдың 21 қазанында Астанада тіркелген.

«Бастамашы: СЖҚІА. Тергеуді Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Астана қаласындағы департаменті жүргізеді», – делінген хабарламада.

Алайда Аңсар Қажымұқанұлына не себепті іздеу жарияланғаны нақтыланбаған. 

Естеріңізге сала кетейік, Ансар Қажымұханұлы мен әнші Сиви Махмуди он жылдай некеде тұрған. Олардың 2021 жылы ажырасып кеткені белгілі. 

Қазір оқып жатыр

Алматыда қолы қанға малынған ер адам сұлулық салонына кіріп, дүрбелең туғызды

Президент үй жануарларын азаптағандарды қатаң жазалауды тапсырды

Бекіре тұқымдас балық пен уылдырық сатып алғандар жауапқа тартылады

Петропавлда темекі тұқылынан көппәтерлі үй өртеніп, 100-ден астам адам эвакуацияланды