Әнші Гүлнәр Сиқымбаева өмірден өтті

Белгілі әнші Гүлнәр Сиқымбаева дүниеден өтті. Бұл хабарды журналист Оралхан Дәуіт жеткізді.

ғаламтордан

Алматы, NEGE. «Қайран, Гүлнәр әпке... Бір ауылда туып-өссек те жүзбе-жүз сөйлесуді Алла Тағалам жазбаған екен. Телефон арқылы талай мәрте әңгімелесіп, сұхбат та алдым. Өте ашық жарқын, керемет жан едіңіз. Өмірден ерте өткен анаңыз туралы жиі айтып, мұңайып қалушы едіңіз. Енді міне, аяқ астынан анаңыздың артынан аттанып кете барыпсыз... Алла Тағалам о дүниеңізді берсін. Ағайын, бүгін белгілі әнші, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген артисі Гүлнар Сиқымбаева қайтыс болды», – деп жазды журналист.

Әншінің жаназасы 6-қазан күні сағат 12-де Түркістан облысы Төлеби ауданы Жамбыл ауылында өзі туып-өскен қарашаңырақта өтеді.

Қазір оқып жатыр

ІІМ референдум қарсаңында ел тұрғындарына үндеу жасады

Жеңілдетілген ипотекаларға қарамастан, Қазақстанда баспана алу қиындай түскен

Түркістанда фельдшерлердің мәселесін көтерген азамат психиатриялық есепке заңсыз қойылған ба?

Алматыдағы қағаз зауытына 49,9 млн теңге айыппұл салынды