Әнші Amre тағы бір халықаралық ән байқауында Қазақстан намысын қорғамақ
Мәскеуде өтетін "Интервидение-2025" халықаралық ән байқауында Қазақстанды Amre деген атпен танымал әнші Ернар Садырбаев танытатын болады. Бұл турлы 2025 жылдың 4 шілдесінде Ресейдің Қазақстандағы елшілігі хабар таратты.
Алматы, NEGE. Ернар Садырбаев - Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының түлегі, халықаралық фестивальдар мен конкурстардың лауреаты.
Сондай-ақ, Amre поп, поп-классика, латын және R&B стильдерінде ән салады.
2021 жылы Ернар Садырбаев Қазақстандағы "Маска" телевизиялық шоуына қатысып, Бүркіт бейнесімен музыкалық жанкүйерлерін тамаша әсерге бөледі. Ол Ресейде де "Голос" байқауына қатысып, танымал болған. Amre бұл байқаудың финалына дейін жеткен. Сол кездегі оның тәлімгері Дима Билан "Интервидение" елшісі екенін де айта кетелік.