Әнші Әбдіжаппар Әлқожа ұсталды - БАҚ

Полицейлердің Алматы облысының орталығы Қонаев қаласында танымал эстрада әншісі Әбдіжаппар Әлқожаны ұстап, тұтқындағаны айтылды, – деп жазды aikyn.kz.

abdizhappar_alkozha

Алматы, NEGE. Ulusmedia-ның мәліметінше, Қайрат Нұртастың "ізін суытпай" әнші Әбдіжаппар Әлқожа да құрықталды.

Әзірге әншіні тәртіп сақшылары не себепті тұтқындағаны белгісіз, ресми ақпарат хабарланған жоқ.

Естеріңізге сала кетсек, жақында ғана танымал әзілкеш Тұрсынбек Қабатов, әнші Қайрат Нұртас қоғамдық тәртіп бұзып, қамауға алынды.

Ұшақ бортында стюардессаны балағаттап, жолаушылардың мазасын алған үшін бес тәулікке қамалған Қабатов бостандыққа шыға сала концерт қойды. Ол  "Өзінің орнына Қайрат Нұртастың кеткенін" айтып, басынан өткен оқиғасын әзілмен жеткізді.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев: Цифрлық теңгені кеңінен қолдану «ойын ережесін» өзгертеді

Еуразиялық қаржы компаниясы 28,4 млрд теңге дивиденд төлейді

Павлодарда екі мың мұғалімнің мекенжайы мен телефон нөмірі тарап кеткен

Қазақстанда тұрғын үй бағасы арзандай бастады