«Аңсаған сәби» бағдарламасы 2030 жылға дейін ұзартылды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен 2021 жылдан бері «Аңсаған сәби» бағдарламасы жүзеге асып келеді.

Алматы, NEGE. Осы арқылы 21 мыңнан астам отбасы экстракорпоральды ұрықтандыру жасатқан. Нәтижесінде 10 мың сәби дүниеге келді.

Алдағы жеті жылда тағы 49 мың отбасы мемлекет есебінен осындай экстракорпоральды ұрықтандыру жасата алады. «Аңсаған сәби» бағдарламасы 2030 жылға дейін ұзартылды.

Жалпы елде алғашқы экстракорпоралды ұрықтандыру зертханасы 28 жыл бұрын ашылған. Содан бері 22 мыңнан астам бала дүниеге келген.

Қазір оқып жатыр

Қазақстанға Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоған келді

Трамптың ұлдары Қазақстандағы вольфрам жобасына Пентагоннан тағы 400 млн доллар сұрады

Қазақстанда құрбан шалу рәсімін қашықтан өткізуге арналған сайт іске қосылды

15 мамырда Парламент Палаталарының бірлескен отырысы өтеді