Анна Данилина рейтингіде 25-орынға көтерілді

Әйелдер теннис қауымдастығы (WTA) және кәсіпқой теннисшілер қауымдастығы (ATP) жаңартылған рейтингіні жария етті.

 

Алматы, NEGE. Қазақстан теннис федерациясы мәлім еткеніндей, Аустралия ашық чемпионатының финалына дейін жеткен Анна Данилина жұптық сында рейтингіде 25-орынға көтерілді.

Жекелей сында Елена Рыбакина 12-інші, Юлия Путинцева 42-орнында қалса, Зарина Дияс 118-сатыға сырғыды.

Ерлер арасында Александр Бублик 37-ден 35-ке жоғарылады. Михаил Кукушкин де 166-орынға жайғасты. Дмитрий Попко 180-орнында қалса, Тимофей Скатов 236-сатыға көтерілді.

Денис Евсеев 351-інші, Бейбіт Жукаев 696-орында келеді.

Жұптық сында Андрей Голубев 30-ыншы, Александр Недовесов 67-орында тұр.

Қазір оқып жатыр

Алматыда жаппай төбелес кезінде екі оқушы көз жұмды

Трамптың ұлдары Қазақстандағы вольфрам жобасына қаржы құйды

Мәсімовтің бұрынғы күйеу баласы қос азаматтығы болғанын мойындады

Вьетнамда ұсталған блогер Қайсар Қамза көшеде еркін қозғалып жүр