Анна Данилина Франциядағы турнирдің финалына жолдама алды

Қазақстанның жұптық сындағы бірінші, әлемнің 56-ракеткасы Анна Данилина Анжер (Франция) челленджер турнирінің финалына шықты, деп хабарлайды Kazinform.

Алматы, NEGE. Жарыстың 2-ракеткасы А.Данилина ресейлік Александра Пановамен бірге жартылай финалда нидерландтық Бибиана Схоофс – бельгиялық Кимпберли Циммерманмен сынға түсті.

Тартысты өрбіген бірінші партияда қазақстандық-ресейлік жұп тай-брейкте шешуші сәтте таразы басын өздеріне аудара алды – 7:6 (9:7). Екінші сетте басымдылық айқын байқалды – 6:2. 

Сағат жарымға жуық уақытқа созылған бәсеке барысында Анна мен Александра эйс жасамағанымен, 9 брейк-пойнттың үшеуін пайдаланды. Бибиана мен Кимпберли 2 эйс, 1 брейкпен (8 брейк-пойнт) көзге түсті.

А.Данилина – А.Панованың финалдағы қарсыластары кейін анықталады.

Қазір оқып жатыр

Қазақстанға Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоған келді

Трамптың ұлдары Қазақстандағы вольфрам жобасына Пентагоннан тағы 400 млн доллар сұрады

Қазақстанда құрбан шалу рәсімін қашықтан өткізуге арналған сайт іске қосылды

15 мамырда Парламент Палаталарының бірлескен отырысы өтеді