Анна Данилина теннистен Жапониядағы турнирдің ширек финалына өтті

Қазақстандық теннисші Анна Данилина Токиода (Жапония) өтіп жатқан WTA 500 турнирінің ширек финалына жолдама алды.

ҰОК

Алматы, NEGE. Отандасымыз жұптық сында өнер көрсетуде. Ширек финалға шығу үшін Анна Данилина мен Александра Крунич (Сербия) мексикалық Джулиана Олмос пен индонезиялық Алдила Сутджиаджи жұбымен кездесті.

Бір сағаттан астам уақытқа созылған матч Данилина мен Круничтің жеңісімен аяқталды - 6:1, 6:3.

Айта кетейік, Анна Данилина/Александра Крунич ширек финалда Николь Меликар (АҚШ) / Сюй Ифань (Қытай) жұбымен кездеседі.

Қазір оқып жатыр

Қазақстан мен Моңғолияны жалғайтын автожол салынады

Қазақстандық жігіт Дубайда өмір бойына сотталды

«Егеуқұйрық уы анықталды» делінген балалар тағамы Қазақстанда сатыла ма?

Әскери борышты өтеуді қандай жағдайда кейінге қалдыруға болады?