Анна Данилина Мексикадағы турнирде топ жарды

Теннистен Қазақстан командасының мүшесі Анна Данилина жұптық сында WTA 500 турнирінің жеңімпазы атанды, деп жазады Olympic.kz.

Olympic.kz

Алматы, NEGE. Ол ресейлік Ирина Хромачевамен жұптасып, Мексиканың Гвадалахара қаласында өткен беделді жарыста топ жарды.

Финалда олар Оксана Калашникова (Грузия) және Камилла Рахимова (Ресей) жұбынан басым түсті.

Есеп - 2:6, 7:5, 10:7.

Бұл Анна Данилинаның WTA турнирлеріндегі оныншы жүлдесі.

Қазір оқып жатыр

Маңғыстауда алғаш рет шала туған нәрестелердің көзіне күрделі ота жасала бастады

2024 жылғымен бірдей шықты. Ағайынды Тастекейлер былтыр НЕГЕ көтеріле алмады?

Денсаулық сақтау саласының үздігі Бақыт Түменова дүние салды

«Қайрат» бас бапкерімен қоштаса ма?