Анна Данилина АҚШ-та өткен WTA 250 турнирінде жеңімпаз атанды

Қазақстандық теннисші Анна Данилина сербиялық Александра Круничпен жұптасып, АҚШ-тың Кливленд қаласында өткен WTA 250 турнирінде топ жарды.

Фото: ktf.kz

Алматы, NEGE. Финалдық кездесуде Данилина/Крунич дуэті Қытайлық Тайбэй өкілі Хао Чин Чань мен қытайлық Синью Яньнан басым түсті – 7:6 (7:3), 6:4 есебімен.

Бұл жеңіс Анна Данилинаның жұптық разрядтағы 14-ші титулы болды. Оның еншісінде: бір WTA 1000, екі WTA 500, сегіз WTA 250 және үш WTA 125 трофейі бар.

Еске сала кетейік, 2023 жылы Данилина финляндиялық Харри Хелиёваарамен бірге US Open турнирінің микс разрядында чемпион атанған. Сондай-ақ ол Australian Open 2022 (Беатрис Хаддад Майямен) және Roland Garros 2025 (Александра Круничпен) турнирлерінде финалға шыққан.

Қазір оқып жатыр

Президент үй жануарларын азаптағандарды қатаң жазалауды тапсырды

Бекіре тұқымдас балық пен уылдырық сатып алғандар жауапқа тартылады

Петропавлда темекі тұқылынан көппәтерлі үй өртеніп, 100-ден астам адам эвакуацияланды

Қанат Бозымбаев Солтүстік Қазақстан облысында су тасқынының екінші толқынының өту барысын тексерді