Анкарада жарылыс болды

Түркия ішкі істер министрлігінің Анкарадағы бас қауіпсіздік басқармасының қақпасының алдында екі лаңкес жарылыс жасады. Бұл туралы осы елдің ішкі істер министрі Али Йерликая мәлімдеді, деп хабарла

ды Анадолы агенттігі.

Алматы, NEGE. Жарылыс ұйымдастырған екі лаңкестің біреуі өзін-өзі жарып жіберді. Жарылыс жергілікті уақыт бойынша таңғы сағат 09:30-да болды. Полицияның екі қызметкері жеңіл жарақат алды.

"Жеңіл коммерциялық көлік мінген екі лаңкес ішкі істер министрлігінің бас қауіпсіздік басқармасына кіретін қақпаға келіп, жарылыс ұйымдастырған. Біреуі өзін-өзі жарып жіберді. Екінші лаңкестің көзі жойылды. Атыс кезінде екі қызметкеріміз жеңіл жарақат алды", - деп жазды Йерликая әлеуметтік желідегі парақшасында.

Министр түрік қауіпсіздік күштері лаңкестікке қарсы күресті жалғастыра беретінін ерекше атап өтті.

 

Қазір оқып жатыр

РФММ гранттары төңірегіндегі дау: Оқу-ағарту министрлігі түсінік берді

Қызылордада бір күнде 600 отбасы баспаналы болды

Президент іске қосылған LRT желісінің алғашқы жолаушысы болды

Балқаш жағалауында салынатын АЭС құрылысының барысы пысықталды