Анкарада дауыл соғып, бұрын-соңды болмаған су тасқыны жүрді

Түркия астанасы Анкарада дауыл соғып, толассыз жаңбыр жауды. Соның салдарынан бұрын-соңды болмаған су тасқыны жүрді. Табиғат апатынан 1 адам қаза тапты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Алматы, NEGE. Бұл туралы елдің Ішкі істер вице-министрі хабарлады. Исмаил Чатаклының айтуынша, қазір іздестіру- құтқару жұмыстары жалғасып жатыр. Бұдан бөлек, шаһарда жүздеген тұрғын үйдің шатыры ұшып, ағаштар құлаған. Мыңдаған үйді су басып, бірқатар көліктерге зақым келген. Табиғаттың тосын мінезінен жарақат алғандар да бар. Метеорологтар ертең де ауа райының қолайсыз болатынын ескертіп, тұрғындарды сақ болуға шақырды. Қалада қоғамдық іс-шаралардың өтуіне тыйым салынды.
 

Қазір оқып жатыр

Құрылтай депутаттарына жеке мәселелерді мінберден айтуға тыйым салынбақ

Роман Скляр Президент Әкімшілігінің басшысы болып тағайындалды

Байбек басқаратын компания Ақмола облысында тау-кен байыту комбинатын іске қосты

Жапония Қазақстан мұнайына қызығушылық танытты