Анкарада 33 адам арақтан уланып, көз жұмды

Анкарада қолдан жасалған спирттік ішімдік ішкен 33 адам қайтыс болды. Тағы 20 адам ауыр халде ауруханаға түскен, деп хабарлайды qazaqstan.tv.

pixabay.com

Алматы, NEGE. Олардың көбі жансақтау бөлімінде жатыр. Бұл ақпаратты Анкара губернаторы Васип Шахин хабарлады.

Арнайы қызметтер жүргізген рейд барысында жасырын цехта спирттік ішімдік жасаумен айналысқан 34 адам қамауға алынған.

Ал Ыстанбұл қаласында жыл басынан бері алкогольді сусындардан уланған 71 адам көз жұмған. 49 адам ауыр халде ауруханаға түскен. Қолдан арақ жасап сатты деген күдікпен қазір 10 адам қамауға алынды.

Ел аумағында арақ-шарап сатылатын жерлердің барлығы тексеріліп жатыр. 

Қазір оқып жатыр

Ұрып-соғып, үтікпен күйдірген: Шымкентте балаларына қорлық көрсеткен ана сотқа тартылды

Қытайда екі экс-қорғаныс министрі өлім жазасына кесілді

Үкімет курьерлер мен таксишілерге төленетін әлеуметтік төлемдер мәселесін шешу жолын іздестіруде

8 мамырда Қызылорда облысының жаңа әкімі тағайындалады