5 сентября 2023 г. 15:49

Әнипа Назарбаева иелік ететін Шамалғандағы колледж мемлекет меншігіне өтті

Фото:
Мамыр айының соңында «Үшқоңыр су шаруашылығы колледжі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнын мемлекет меншігіне қайтару туралы сот отырысы өтті, деп хабарлады 

«Пятый регион» редакциясы.

Бибігүл Ұзақова басқаратын Алматы облысының қаржы басқармасы 2022 жылдың қыркүйегінен бастап экс-президенттің әпкесі Әнипа Әбішқызы Назарбаева иелік ететін «Әнипа» жеке кәсіпкерлігін сотқа берді.

Іс материалдары бойынша колледж кейіннен сатып алу арқылы сенімгерлік басқаруға өткен. Сот талапкердің арызын қанағаттандырып, шартты бұзу туралы шешім қабылдады.

«Алматы облысының қаржы басқармасы» республикалық мемлекеттік мекемесі мен «Әнипа» жеке кәсіпкері Назарбаева Әнипа Әбішқызының арасында жасалған «Үшқоңыр су шаруашылығы колледжі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының 2016 жылғы 07 шілдедегі No 3 коммуналдық мүлкін кейіннен сатып алу құқығымен сенімгерлікпен басқару шарты бұзылсын», – делінген іс материалдарында. 

Сонымен қатар, сот Әнипа Әбішқызынан мемлекеттік баж салығын өндіру туралы шешім қабылдады.

«Әнипа» жеке кәсіпкері Назарбаева Әнипа Әбішқызы атынан мемлекет кірісіне 3450 (үш мың төрт жүз елу) теңге мемлекеттік баж өндірілсін», – делінген.

Тегтер: