Ангелина Лукас WBC Silver чемпиондық белбеуі үшін өткен жекпе-жекте жеңіліп қалды

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Ангелина Лукас (5-1, 2 КО) жеңіл салмақта WBC Silver чемпиондық белбеуі үшін өткен жекпе-жекте жеңіліп қалды. Ол Ыстанбұлдағы бокс кешінде чилилік Даниэле Асенхоға (15-3-3, 2 КО) жол берді.

Алматы, NEGE. 26 жастағы Ангелина Лукас кәсіпқой бокста алғаш рет жеңіліс тапты. 10 раундқа жоспарланған жекпе-жек соңына дейін жалғасып, төрешілер шешімімен Асенхо жеңіске жетті. Ол мансабындағы 15-жеңісіне қол жеткізіп, бос тұрған WBC Silver белбеуін иеленді. 

Жеңімпазды анықтар сәтте бірінші Ангелинаның қолын көтерген. Кейіннен қарсыласын жеңімпаз деп таныды. 

Қазір оқып жатыр

Алматыда жаппай төбелес кезінде екі оқушы көз жұмды

Трамптың ұлдары Қазақстандағы вольфрам жобасына қаржы құйды

Мәсімовтің бұрынғы күйеу баласы қос азаматтығы болғанын мойындады

Вьетнамда ұсталған блогер Қайсар Қамза көшеде еркін қозғалып жүр