Андрей Чеботарев: Үкіметті алғаш рет күштік құрылым өкілі басқармақ

Amanat партиясы Президент әкімшілігінің жетекшісі Олжас Бектеновтің кандидатурасын премьер-министр лауазымына ұсынды. Бұл жөнінде «Альтернатива» өзекті зерттеулер орталығының директоры, саясаттанушы Андрей Чеботарев қызық пікір білдірді.

Ақорданың баспасөз қызметі

Оның айтуынша, Бектенов елімізде тағайындалған ең жас премьер-министр болуы мүмкін. Қазақстанның қазіргі дамуы жағдайында көп мәселеге және оның шешімін табуға салыстырмалы түрде жаңа көзқарас керек.

«Қазақстан үкіметін алғаш рет күштік құрылым өкілі басқарғалы отыр. Рас, экс-премьерлер Әкежан Қажыгелдин мен Кәрім Мәсімов бір кездері арнайы қызметте істеп үлгерді. Бірақ бұл ілгеріде – КСРО дәуірінде болған еді. Тәуелсіз Қазақстанда олардың әрқайсысы мемлекеттік қызметке бизнес саласынан келді. Олжас Бектенов болса, 2002 жылдан бері үздіксіз мемлекеттік қызметте. Оның үстіне, 10 жылдан аса уақыт сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресетін органда істепті. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасына дейін көтерілген», – дейді саясаттанушы.

Фото: ғаламтордан

Андрей Чеботаревтің пайымдауынша, 2022 жылы ақпан айында Бектеновтің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы болып тағайындалуы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың оған қатты сенетінін көрсетсе керек.

«Бектенов премьер-министр болып тағайындалса, ол ұйымдастыру-бақылау мәселелеріне, мемлекеттік аппараттағы жемқорлыққа қарсы тұруға, заңсыз жолмен тапқан активтерді мемлекет бақылауына қайтаруға және жаңа «ойын ережелерін» сақтау бойынша ірі бизнес өкілдерімен өзара іс-әрекет жасауға басымдық береді. Осыған орай, экономиканы және әлеуметтік саланы басқару ісі жетекшілік етуші вице-премьерлерге жүктелетін болады», – дейді «Альтернатива» өзекті зерттеулер орталығының директоры.

Сондай-ақ, Олжас Бектенов үкіметке кетсе, оның орнын басатын Президент аппаратына жаңа адам керек болмақ. Бұл орынға саяси салмағы бар тұлғалар емес, лоялды әрі орындаушылық қабілеті бар жас технократтарға бәс тігілуі ықтимал.

Қазір оқып жатыр

Даниал Ахметов әкім кезінде салынған ГЭС оның ұлына 1,8 млрд теңге әкелді

Атырау мұнай өңдеу зауыты ауаны ластағаны үшін 520 млн теңге айыппұл төледі

Қостанайда масаң күйдегі бірнеше адам полиция қызметкерін тепкіге жықты

«Қолымыз байлаулы»: Саясат Нұрбек Qamalladin University жайлы сұраққа жауап берді