Андрей Голубев Рим мастерс турнирін сәтті бастады

Қазақстанның жұптық сындағы бірінші, әлемнің 25-ракеткасы Андрей Голубев Рим мастерс турнирін сәтті бастады.

Алматы, NEGE. Андрей Голубев аргентиналық Максимо Гонсалеспен бірге бастапқы кездесуін жарыстың 4-ракеткалары, аустралиялық Джон Пирс – словакиялық Филип Полашекпен өткізді. Бірінші партияда аустралиялық-словакиялық жұп басым түсті – 6:3. Екіншісінде Голубев пен Гонсалес есе қайырды – 6:3.

Сосын супер тай-брейкте жеңісті жұлып алды – 10:8. Сағат жарымға созылған матчта қазақстандық-аргентиналық жұп 9 брейк-пойнттың біреуін ғана пайдаланды. Қарсыластары 5 эйс, 1 брейкпен көзге түсті.

А. Голубев пен М. Гонсалестің жүлде қоры 5,4 млн еуродан асатын доданың екінші айналымында аустралиялықтар Мэттью Эбден – Макс Перселл немесе грузиялық Николоз Басилашвили – тағы бір қазақстандық Александр Бублик жұптарының қай жеңгенімен кездеседі.

Қазір оқып жатыр

«Біз мұнда отбасымызбен демаламыз»: Алматы облысында 12 мыңға жуық адам сенбілік өткізді

Тоқаев Лукашенко мен Путинге қазақстандықты босатуға көмектескені үшін алғыс айтты

Түркістан облысында екі көпірді су шайып кетті

Алматыда жаппай төбелес кезінде екі оқушы көз жұмды