Андасов 13 жылға сотталды

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі 3-департаментінің (жедел басқарма) бұрынғы басшысы Арлан Андасов 13 жылға бас бостандығынан айырылды. Бұл туралы журналист М.Козачков Телеграм каналында жазды.

Алматы, NEGE. Естеріңізде болса, 24 наурыз күні порталымызда «Шпекбаев департамент басшысын ұстатуға мәжбүр болды» деп аталатын мақала жарияланған. Онда А.Андасовтың кімнен, не үшін, қанша көлемде пара алмақ болғанын баяндағанбыз. Тағы бір ескеретін жайт, Nege.kz порталы бұл қылмыс жайында бірінші болып жазған.

Козачковтың жазуына қарағанда, сот А.Андасовты пара алғаны үшін айыпты деп танып, 13 жыл жаза кескен. Ал делдал қызметін атқарған кәсіпкер Алпамыс Ыдырысов 11 жылға сотталыпты.    

Қазір оқып жатыр

Атырау облысында өлтірілген отбасы ісі: қылмыс қашан және қалай жасалғаны айтылды

Алматы полициясы қоғамдық орында бетін тұмшалап жүргендерге ескерту жасады

Алматылықтар Розыбакиев көшесін Шахановтың атына өзгертуді сұрап петиция жариялады

Әскерден жалтарып жүргендерге уақытша шектеу шаралары енгізілуі мүмкін