Анастасия Городко жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатының күміс медалін иеленді

Фристайл-могулдан Италияда өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы әлем біріншілігінде қазақстандық Анастасия Городко өзінің екінші медалін жеңіп алды, деп хабарлайды Olympic.kz.

Olympic.kz

Алматы, NEGE. Спортшы параллельді могулдан әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды.

Финалда ол америкалық Кайл Кариотиске есе жіберді.

Осылайша, Городко осыдан екі жыл бұрынғы жетістігін тағы қайталап, әлем чемпионатында алған жүлделер санын төртке жеткізді.

2022 жылғы чемпионатта қазақстандық спортшы параллельді могулдан алтын, жекелей сында күміс медаль алған еді.

Қазір оқып жатыр

Қазақстан ОПЕК+ келісімінен шығуды жоспарлап отырған жоқ

Алимент төлеуден жалтарғандарға көмектесетін компаниялар тексеріске ілігеді

Мәжіліс Президент пен Құрылтай туралы заң жобаларын жұмысқа қабылдады

«Алимент қайда кетіп жатыр?»: Балаға төленетін ақшаға бақылау күшейеді