Анастасия Городко Қазақстанға Универсиаданың екінші алтын медалін сыйлады

Фристайл-могулдан Қазақстан құрамасының спортшысы Анастасия Городко Италияның Турин қаласында өтіп жатқан Универсиадада екінші мәрте жеңімпаз атанды.

ҰОК

Алматы, NEGE. Параллель могулда финалға қазақстандық спортшылар Анастасия Городко мен Аяулым Әмренова шықты. Шешуші сайыста Городко жеңіске жетті. Ол бұған дейін могул сайысында да алтын медаль иеленген еді.

Сонымен қатар ерлер арасындағы параллель могулда Антон Бондарев күміс медаль иеленді. Ол финалда жапондық Шиме Кавокеге жол берді.

Осылайша, отандастарымыз Қазақстан қоржынына төрт медаль түсірді.

Қазір оқып жатыр

Ақтөбе облысы аумағына дрон құлады

Қазақстан ОПЕК+ келісімінен шығуды жоспарлап отырған жоқ

Алимент төлеуден жалтарғандарға көмектесетін компаниялар тексеріске ілігеді

Мәжіліс Президент пен Құрылтай туралы заң жобаларын жұмысқа қабылдады