Анастасия Городко фристайл-могулден Әлем кубогында алтыншы орын алды

Қазақстандық Анастасия Городко Алматыда өтіп жатқан фристайл-могулден Әлем кубогының кезеңінде алтыншы орын алды.

ҰОК

Алматы, NEGE. Айта кетейік, спортшы негізгі финалға жолдама алған еді. Алайда жүлде үшін күресуге мүмкіндік болмады. Ауа райының қолайсыздығына байланысты жарысты ағымдағы кезеңдерде аяқтау туралы шешім қабылданды.

Нәтижесінде, әйелдер арасындағы орындар бірінші финалдың қорытындысы бойынша бөлінді. Онда Анастасия Городко алтыншы, ал Юлия Галышева жетінші болды.

Ерлер арасында бірінші финал толық аяқталмай қалды. Соңында Павел Колмаков бесінші орынға ие болды.

Қазір оқып жатыр

Астанада көпқабатты тұрғын үйден өрт шығып, 3 бала қаза тапты

Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Пасха мерекесімен құттықтады

«Алматы қаласындағы ахуал да тым күрделі»: Тоқаев Мирзиеёвтің бастамасын қолдады

«Хан Шатырдың» сатылатыны туралы жарнама жалған болып шықты