«Анамның еміне қажет»: ШҚО-да танысын сан соқтырған күдікті ұсталды

Шығыс Қазақстан облысында танысын «анамның еміне қажет» деген сылтаумен 7 миллион теңгеге сан соқтырған күдікті ұсталды,  деп хабарлайды Polisia.kz..

ғаламтордан

Алматы, NEGE.Өскемен қаласының полициясына қала тұрғынынан оның алданып қалғаны жөнінде арызы түскен. Жәбірленушінің айтуынша, 2023 жылдың қаңтар айында танысы анасының еміне ақша қажет деген желеумен оны алдап, ірі көлемдегі қаржысын иемденіп кеткен. Келтірілген шығын көлемі – 7 млн 714 000 теңге.

Аталған факті бойынша «Алаяқтық»бабымен сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайын толық анықтауға бағытталған тергеу әрекеттері жүргізілуде.

Қазір оқып жатыр

Қазақстанда бензин мен дизель отыны бағасы өсуі мүмкін

Ер адам мемлекеттен үй алу үшін кезегін 30 жыл күткен

Ақылы жолдарда лазерлер орнатыла бастады: ол не үшін қажет?

Астанада тоғыз қабатты тұрғын үйде өрт шықты