Анализің дұрыс емес. Тау-Кен Самұрық НЕГЕ экономисті сотқа берді?
Экономист Мұрат Темірханов "Тау-Кен Самұрық" ұлттық компаниясының жұмысын саралап, оған қарайтын жекеменшік "Казцинк" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінен басқа барлық бағыттары тиімсіз деп мақала жазды. Бірақ ұлттық компания өзін тиімсіз деп санамайды. Ақырында іс сотқа жетті.