Аңды заңсыз аулағандар қамалуы мүмкін

«Браконьер» жедел-алдын алу іс-шарасы барысында Бейнеу ауданында полиция қызметкерлері екі ер адамды ұстады. Бұл туралы Маңғыстау облысы Полиция департаменті баспасөз қызметі хабарлады.

Алматы, NEGE. Олар мінген мотоциклден Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына енген қарақұйрықтың еті, сондай-ақ 16 калибрлі екіауыздық тегіс ұңғылы мылтық, 23 оқ-дәрі, пышақ табылып, тәркіленді. Өздерімен бірге мотокөлікті басқаруға құжаттар болған жоқ. Қазір ұсталғандарға қатысты «заңсыз аң аулау» фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Бұл факт Қазақстан Республикасының ҚК-нің 337-бабының 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелген. Аңға оқ жаудырған күдіктінің біреуі уақытша қамауға жабылды. Сот-криминалистикалық сараптама тағайындалып, мотоцикл айып тұрағына қойылды.

Қазір оқып жатыр

Президент: Қазақстан Еуразиядағы жетекші ғылыми-технологиялық орталыққа айналуы керек

Небәрі 29 жоба және 11 қылмыстық іс: Тоқаев Ғылым қорын сынға алды

Астанада Тасмағамбетов кезінде басталған көшенің «жыры» әлі бітпеген

Шымкентте жоғарғы сынып оқушысы өзінен кіші баланы тепкілеп кеткен