Ан-2 әуе кемесі мәжбүрлі түрде қонды

Азия Континенталь әуе компаниясының Ан2 әуе кемесі Боралдай – Кеген бағыты бойынша РРК5481 санитарлық рейсін орындау кезінде Боралдай автомобиль жолынан шығысқа қарай 1,5 км жерде мәжбүрлі түрде қонды.

Алматы, NEGE. Бұл туралы Азаматтық авиация комитеті хабарлады. Ұшақ бортында 5 адам болған. Ешкім зардап шеккен жоқ.

ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің авиациялық оқиғалар мен инциденттерді тексеру басқармасы тергеу жүргізетін болады.