Ан-124 ұшағы апатты жағдайда қонды

Новосибирскідегі әуежайда жүк тасымалдайтын Ан-124 ұшағы шұғыл түрде қонды. Ресей авиациясы өкілі оған қозғалтқыштағы ақау себеп болғанын айтты, – деп хабарлайды РИА Новости.

Алматы, NEGE. «Волга-Днепр» авиакомпаниясының ұшағы Новосибирскіден Венаға ұшып шыққан, бірақ қозғалтқыштардың біріндегі ақауға байланысты экипаж ұшқан әуежайына оралуға шешім қабылдады. Қону кезінде Ан-124 ұшу-қону жолағынан шығып кетті.

«Алдын ала ақпарат бойынша, қону кезінде пневматика мен сол жақ негізгі тірекке зақым келген», – деді Ресей авиациясының өкілі.