АН-2 ұшағы Ақмола облысында апатқа ұшырады

Бүгін Державинск қаласынан 10 шақырым жерде АН-2 ұшағы апатқа ұшырап, өртенді.

ТЖМ

Алматы, NEGE. Қайтыс болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Ұшқыш жанып жатқан техникадан өздігінен эвакуацияланып үлгерген.

Шақырылған сәттен бастап 8 минут ішінде ТЖМ құтқарушылары өртті сөндірді.