Амстердамда маймыл шешегіне қарсы вакцинация басталды

Нидерланд астанасында маймыл шешегіне қарсы вакцинация басталды. Осал топтағы адамдарға ерекше көңіл бөлініп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Алматы, NEGE. Нидерланд баспасөзінің мәліметінше, 21 шілдеде Нидерландта маймыл шешегінің 712 жағдайы тіркелді, оның басым бөлігі – 429-ы Норд-Холланд және Флеволанд қалаларында.

Соған қарамастан, елдің ең ірі Амстердам қаласында маймыл шешегіне қарсы вакцинаның жеткілікті мөлшері бөлінді.

Вакцинаның екі дозасын 10 мың 500 адам салдырады деп жоспарланған.

Нидерландының денсаулық сақтау министрлігі иен қоғамдық денсаулық сақтау институты RIVM ең алдымен вакцинаны АИТВ-ның «PrEP» дәрісін қабылдайтындар салдырады деп бекітті.

Екінші кезекте АИТВ-ға шалдыққандар егіледі.

«Маймыл шешегі өте қауіпті болуы мүмкін, сондықтан ең қауіпті топтағыларды қорғауымыз керек», - деді жергілікті денсаулық сақтау органының басшысы Шула Райксман.

2022 жылы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы әлемнің 71 елінде маймыл шешегінің 14 мың жағдайы анықталғанын хабарлады.

Қазір оқып жатыр

Дубай соты қазақстандық бизнесмендерге 950 мың доллар айыппұл салды

Астана тұрғынының пәтерінен 20 мың доллар мен зергерлік бұйымдар ұрланды

Қазақстанның мемлекеттік қарызы бір тоқсанда 400 млрд теңгеге жетті

Чемпиондар вагоны: қарағандылық бишілер желіні тәнті етті