Әмір Омарханов «Уимблдон» турнирінің жартылай финалына жолдама алды

Әмір Омарханов жасөспірімдер арасында «Уимблдон» турнирінің жартылай финалына жолдама алды.

ҰОК

Алматы, NEGE. Отандасымыз жұптық сайыста өнер көрсетуде.

Әмір Омарханов ресейлік Егор Плешивцевпен бірге ширек финалда оңтүстікамерикалық Коннор Доиг пен үндістандық Криш Тьяджимен кездесті.

Матч 1 сағат 24 минутқа созылды.

Нәтижесінде, қазақстандық-ресейлік жұп 6:4, 7:6(10:8) ұпаймен жеңіске жетті.

Жартылай финалда Омарханов/Плешивцев турнирдің төртінші нөмірлі жұбы - финляндиялық теннисші Оскари Палданиус пен Польша өкілі Алан Важнымен шеберлік байқасады.

Қазір оқып жатыр

Маңғыстауда алғаш рет шала туған нәрестелердің көзіне күрделі ота жасала бастады

2024 жылғымен бірдей шықты. Ағайынды Тастекейлер былтыр НЕГЕ көтеріле алмады?

Денсаулық сақтау саласының үздігі Бақыт Түменова дүние салды

«Қайрат» бас бапкерімен қоштаса ма?