Әмір Омарханов теннистен АҚШ-та өткен турнирде жеңіске жетті

Қазақстандық теннисші Әмір Омарханов АҚШ-тың Плантейшен қаласында өткен ITF Juniors J500 Orange Bowl жасөспірімдер арасындағы турнирде жеңімпаз атанды.

ҚТФ

Алматы, NEGE. Ол жұптық сайыста жүлдеге ие болды. Финалда қазақстандық Әмір Омарханов пен ресейлік Тимофей Дерипаско швейцариялық Анри Берно мен чехиялық Денис Петак жұбын 3:6, 6:1, 10:1 есебімен жеңді.

Айта кетейік, Orange Bowl бейресми түрде жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионаты болып саналады.

Турнирдің матчтары ашық корттарда өтті.

Қазір оқып жатыр

«Бір ғана өтінішіміз – бостандығымыздан айырмаңыздар»: Жанабыловтар сотта жылап тұрып кешірім сұрады

Қазақстандықтарға шенген визасын алу жеңілдейді: келіссөз қашан аяқталады?

Прокурор ерлі-зайыпты Жаныбыловтарды 4 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады

Алматылықтардың көлік салығы 7 млрд теңгеден асқан