Әмір Омарханов Қытайда теннистен жасөспірімдер арасындағы турнирде жеңіске жетті

Бейжіңде (Қытай) теннистен жасөспірімдер арасындағы беделді ITF J300 BEIJING 2024 CHINA OPEN турнирі аяқталды.

ҚТФ

Алматы, NEGE.Қазақстандық теннисші, жасөспірімдер рейтингі бойынша әлемнің 15-ші ракеткасы Әмір Омарханов финалда британиялық Оливер Бондингті (19 ITF Juniors) жеңді. Тай-брейктегі алғашқы сетте Оливер Бондинг басым түссе, келесі екі ойында Әмір жақсы нәтиже көрсетті - 6:0, 6:4.

Бұл қазақстандық спортшының ITF Juniors турнирлеріндегі жекелей сындағы алтыншы жеңісі. Бұған дейін Қарағанды теннис мектебінің тәрбиеленушісі Таиланд (J300), Корея (J300), Египет (J100), Грузия (J60) және Қарағандыда (J60) өткен додаларда жеңіс тұғырынан көрінген.

Қазір оқып жатыр

«Бір ғана өтінішіміз – бостандығымыздан айырмаңыздар»: Жанабыловтар сотта жылап тұрып кешірім сұрады

Қазақстандықтарға шенген визасын алу жеңілдейді: келіссөз қашан аяқталады?

Прокурор ерлі-зайыпты Жаныбыловтарды 4 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады

Алматылықтардың көлік салығы 7 млрд теңгеден асқан