Әміржан Қосановтың анасы өмірден өтті

Саясаткер Әміржан Қосановтың анасы Аққыз Қосанова өмірден өтті.

Алматы, NEGE. Біраз уақыт бұрын ғана саясаткер Әміржан Қосанов әлеуметтік желідегі парақшасында: «Анамыз 20 күн бұрын ауруханаға түсті. Инсульт. Соңғы уақытта қан қысымы қатты мазалап жүр. «Жедел жәрдем», жан сақтау бөлімі, интенсивті емдеу палатасы, қайтадан реанимация. Жағдайы ауыр. 82 жаста.

Қоғамдық істерге уақыт та, шынымды айтсам, анам үйге келгенше көңіл-күй де жоқ. Сол себепті бірнеше онлайн кездесуді, сұхбаттарды тоқтаттым. Қоңыраулар мен хаттарға жауап бермегенім үшін кешірім сұраймын!

Бұдан бөлек, тауда жүгірем деп тайып кетіп, аяғымды сындырып алдым. Ауруханада жатырмын. Отаға дайындап жатыр. Аналарыңызды, өздеріңізді сақтаңыздар!», – деп жазған.

Nege.kz порталының редакциясы саясаткер Әміржан Қосановтың қайғысына ортақтасып, көңіл айтады.

Қазір оқып жатыр

Қазақстандықтарға шенген визасын алу жеңілдейді: келіссөз қашан аяқталады?

Прокурор ерлі-зайыпты Жаныбыловтарды 4 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады

Алматылықтардың көлік салығы 7 млрд теңгеден асқан

Жүргізушіге ым-ишара тілінде көмек көрсеткен полицей елдің ықыласына бөленді