25 ноября 2023 г. 12:41

Әміржан Әлпейісовтың Мұрат Әуезовке арнаған роман-эссесі жарық көрді

Фото:
Тарихшы Әміржан Әлпейісовтың Мұрат Әуезовтың өмірі мен еңбек жолына арналған «Мұрат» роман-эссесі жарық көрді, деп хабарлайды 

Kazinform.kz.

Алматы, NEGE. Роман-эсседе Мұрат Әуезовтың өмірбаяны жан-жақты қамтылып, еңбек жолы, саяси көзқарасы, «Жас тұлпар» ұйымын құрғаны жайлы толық мәлімет берілген.

«Мен Мұрат Әуезов сияқты қазақтың тәуелсіздігі үшін сонау кеңес заманының өзінде үгіт-насихат жасап, «Сарыарқа» деген ұйымның мүшесі болған едім. Сондықтан Мұрат Әуезов біздің көсеміміз, жол бастаушымыз сияқты. Біз  «Жас тұлпардың» қанатының астынан шыққан жас студенттік ұйымдар болдық. Сол жас ұйымдардың мүшесі болып, 70-жылдардан байланыс орнаттық», – дейді роман-эссе авторы Әміржан Әлпейісов.

Күні кеше ғана Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде тұсаукесері өткен «Мұрат» роман-эссесі — Әміржан Әлпейісовтың көпжылғы еңбегінің жемісі.

Автор Мұрат Әуезовтың мемлекет қайраткері ретінде тұлғасын жан-жақты ашып, жастарға отансүйгіш қасиеттің қандай болатынын көрсете білген.

Роман көпшілік оқырманға арналған.

Тегтер: