13 марта 2022 г. 10:54

«Амфибия» экскаваторы Каспийге құлады

Фото:
Баутино сауда теңіз порты аумағында жұмыс істеген "Амфибия" экскаваторы Каспийге құлап кеткен, - деп хабарлайды Lada.kz сайты.

 

Алматы, NEGE. Видеоны түсірген куәгердің айтуынша, Semarсо ЖШС-ның экскаваторы жұмыс кезінде қисайған. Кадрлардан бұл жұмыс қолайсыз ауа райында жүргізілгені көрінеді. 

Порт диспетчерлері оқиға 12 наурызда түстен кейін болғанын растады. Олар экскаваторды көтеру жұмыстары жүргізілгенін айтты.

Облыстық ТЖД дауыл туралы ескерту жасаған. Маңғыстау облысында 12 наурызда солтүстік, солтүстік-батыстан соққан желдің жылдамдығы секундына 9-14 метрге дейін, ал күндіз облыстың батысында секундына 15-20 метрге жеткен.

Тегтер: