Американдық дипломаттар Қазақстанның Тәуелсіздік күнімен құттықтады

Еліміздің стратегиялық серіктесі саналатын АҚШ, Қазақстанның негізгі және ірі инвесторларының бірі.

Алматы, NEGE. Пандемияға дейінгі жыл қорытындысы бойынша АҚШ-тан Қазақстанға тартылған тікелей инвестиция көлемі 36 миллиардтан асып жығылады.

Екі ел арасындағы 30 жылға жуықтаған дипломатиялық, экономикалық және инвестициялық қарым-қатынас қарқын алып келеді. Американдық дипломаттар қазақ елін қастерлі мерекесімен құттықтап, қос елдің серіктестігі алдағы уақытта да нығая түсетініне сенім білдірді.