Америкалық отбасы асырап алған қазақ қызы суицидтен көз жұмды

Журналист, «Шетелдегі қазақ балалары» жобасының авторы Жанар Байсеміз желіде суыт хабар жеткізді. 

instagram.com/janar_baisemiz

Алматы, NEGE. «Америкадан жеткен суыт хабар жып-жылы болып тұрған күздің күнін суытып жіберді. Бір сәтте айналамдағы әсем бояулар қарайып, шайылып кетті. Бұл қалай болғаны, неге, не үшін?! Сұрақ көп, жауап жоқ. Неткен өкініш. Неткен қасірет. Динара, кешір мені, кеш бізді. Рухың пейіште шалқысын. Динараның қазасын туған анасына қалай айтарымды білмей, құлазып отырмын. Америкалық отбасы асырап алған қазақ қызы өзіне қол жұмсап, қайтыс болды», – деп жазды журналист.

Динара «шетелдегі қазақ балалары» жобасына қатысқан қазақ балаларының бірі еді. Ол былтыр жобаға қатысқан кезде туған анасына сезімін жеткізген. Өкініштісі, Динараны асырап алған отбасы да ажырасып кетіп, ол жалғыз қалған еді.

Қазір оқып жатыр

Біріккен Араб Әмірліктері ОПЕК-тен шығу туралы шешім қабылдады

Үйқамақта болуы тиіс Олеся Кексель Алматы әуежайында не істеп жүр?

Жамбыл облысында экс-депутаттың партиядан шығарылуына қатысты іс қайта қаралады

АМӨЗ-дегі экологиялық жанжал және Атырау тұрғындарының денсаулығы: деректер не дейді?