Америкалық ақын Нобель сыйлығын алды

Нобель сыйлығының әдебиет бөлімі бойынша 2020 жылғы лауреаты америкалық Луиза Глюк атанды.

Алматы, NEGE. Марапат «қайталанбас поэтикалық дауыс, адамның жеке уайымын адамзаттық дәрежеге жеткізгені» үшін тағайындалды. Жалғыздық, оқшаулану, қалау, жарақат – ақынның өз өлеңдерінде көтеретін тақырыбы осындай.

Марапаттау рәсімі Нобель комитетінің YouTube арнасында көрсетілді.

Луиза Глюк 1943 жылы Нью-Йоркте Аустрия-Венгриядан шыққан еврейлердің отбасында туған. Ол Сарра Лоуренс колледжінде және Колумбия университетінде оқыды, бірақ сол күйі диплом ала алмады. Кейінірек Уильямстаундағы Уильямс колледжінде ағылшын тілінен сабақ берді, сонымен қатар Йельс, Бостон және Айов университеттерінде оқытушы болды.

Глюк – Американың өнер және әдебиет академиясының мүшесі, Америка ақындары академиясының канцлері (1999), көптеген марапат иесі, оның ішінде поэзиясы үшін Пулитцер сыйлығы (1993) мен Уоллес Стивенс премиясын (2008) иеленген.

Қазіргі уақытта Массачусетс штатындағы Кембриджде тұрады.

Қазір оқып жатыр

Қызметкерін зорлады деп айыпталған Әмір Шайкежанов 5 жылға сотталды

Мәслихат өз отырыстарын міндетті түрде онлайн көрсету керек

Коллекторлар миллиардтаған теңге бюджет қаражатын жасырып қалған

Тоқаев: «БҰҰ Жарғысы тапсырыспен алдыратын жеңсік ас емес»