Америкадағы Гранд-Каньонда өрт шығып, 500-ге жуық турист эвакуацияланды
АҚШ-тың Аризона штатында орналасқан Гранд-Каньон ұлттық паркіндегі орман алқабында өрт шықты. Бұл туралы Biid.Russian жазды.
Алматы, NEGE. Парктің әкімшілігі елдің оңтүстік-батыс бөлігінде орналасқан бұл аймақта қауіп төнуіне байланысты эвакуация жұмыстары жүргізілген.
"Өткен түні Гранд-Каньон қызметкерлері шамамен 500 қонақты эвакуациялады. Барлық турист қауіпті аймақтан шығарылды. Сонымен қатар парк қызметкерлері мен жергілікті тұрғындар да аман-есен құтқарылды", – делінген ресми мәлімдемеде.
Айта кетейік, Гранд-Каньон АҚШ-тағы ең керемет табиғи ғажайыптардың бірі. Ол миллиондаған жылдар бойы Колорадо өзенінің қызыл құмтас пен басқа да тау жыныстарын тесіп өтуінің нәтижесінде пайда болған. Оның ені 30 шақырымға дейін, тереңдігі 1,6 шақырымнан асады.
Былтыр бұл көрнекті орынға шамамен 5 миллион адам барған. Сондай-ақ каньонның солтүстік бөлігі North Rim (Солтүстік шеті) де эвакуацияланды.
"Солтүстік шетке кіруге уақытша тыйым салынды", – делінген ресми хабарламада.
Өрт қаупіне байланысты қонақүй мен бірнеше дүкен де эвакуацияланған. Полиция дерегінше, эвакуацияланғандардың көбі шатырмен демалып жатқан туристер.
"Бұл аймақ таулы шөлейт, негізінен ашық орман, көбінесе кемпинг жасау үшін пайдаланылады", – деді полиция өкілі Джон Пакстон.
Өрттің шығуына бейсенбі күні найзағай түсуі себеп болған. Билік өкілдерінің айтуынша, құрғақ ауа райы мен құбылмалы жел өртті сөндіру жұмыстарын қиындатып отыр. Қазір шамамен 3500 гектар жер жанып кеткені хабарланды.