Америка режиссері Оливер Стоун Назарбаев жайлы фильмнің трейлерін таныстырды

Америкалық режиссер Оливер Стоун Нұрсұлтан Назарбаев пен Қазақстан туралы жобаның трейлерін таныстырды.

Алматы, NEGE. «Qazaq. Алтын адамның тарихы» деректі фильм Игорь Лопатенктің кітабына негізделген, Оливер Стоунның Нұрсұлтан Назарбаевпен сұхбатының үзінділерінен тұрады. Twitter парақшасында Оливер Стоун Италиядан Қазақстанға Қазақстан мен Нұрсұлтан Назарбаев туралы деректі фильмнің премьерасына жолға шыққанын айтқан. «Назарбаевты кім десеңіз де, еркіңіз: диктатор, мықты адам, тиран немесе құрылтайшы. Бірақ соңында сіз кеңес империясының күйреуі және елдің тәуелсіздікке, оның ішінде ядролық қарудан бас тартуға өту жайлы пайым жасаған қарапайым адамды көре аласыз... Сондай-ақ, Назарбаев Қазақстанның көшпелі тарихы мен Еуразияның технологиялық болашағы туралы айтып береді. Менің ойымша, бұл жарқын болашақ. Шығысқа қарай аттан, жас жігіт», – деп бөлісті Оливер Стоун.

Оливер Стоун елбасымен сұхбат құру үшін Нұрсұлтан Назарбаевқа арнайы ұшып келген. Нұрсұлтан Назарбаев өзінің балалық шағын, КСРО-ның күйрегенін, Семей сынақ полигонын еске алып, Қазақстанның рөлін, сондай-ақ Алтын адамның тарихын түсіндіреді. «Біз материктің ортасында тұрмыз, бұл жерге бәрі қызығады», – дейді Нұрсұлтан Назарбаев филбмнің үзіндісінде. Айта кетейік, Оливер Стоун – америкалық режиссер, сценарист және продюсер. «Оскар» сыйлығының үш дүркін иегері. Оның танымал «Уолл-Стрит», «Каждое воскресенье», «Александр», «Прирожденные убийцы» фильмдері бар.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев Мәскеудегі Жеңіс күніне арналған әскери шеруге қатысты

Қонаевта Жеңіс күніне орай боздақтар рухына тағзым жасалды

Астанадағы плац-концертте «Арланнан» түтін шықты

Әшімбаев, Қошанов пен Бектенов соғыс құрбандарының рухына тағзым етті