"Америка дауысы" журналистері Трамп әкімшілігін сотқа берді

Америка дауысы радиостанциясының бір топ қызметкерлері АҚШ президенті Дональд Трамптың әкімшілігіне қарсы федералды бюджеттен қаржыландырылған медиахолдингтің заңсыз жабылуына байланысты сотқа шағым түсірді, деп жазды The Washington Post.

pixabay.com

 

Алматы, NEGE. Басылым Нью-Йорк сотына сілтеме жасай отырып, шағым түсірген алты журналист екенін жазды.

"Олар Трамп әкімшілігінің мүшелерін 2025 жылдың 21 наурызы, жұма күні сотқа беріп, шенеуніктерді федералды бюджеттен қаржыландырылатын бұқаралық ақпарат құралдарын заңсыз жауып тастады деп айыптады", – деп жазды.

Талапкерлердің пікірінше, радиостанцияны жабу заңсыз. Олар сондай-ақ мәлімдемесінде БАҚ жұмысын қалпына келтіруді талап етті.

Еске салсақ,2025 жылдың 16 наурызында АҚШ президенті бюрократиямен күресу мақсатында бірнеше ұйымдардың жұмысын қысқарту туралы жарлыққа қол қойған болатын. Олардың ішінде "Азаттық радиосы/Азат Еуропа радиосы" мен "Америка дауысы" медиахолдингтерін бақылайтын АҚШ-тың ғаламдық медиа агенттігі (USAGM) де бар. Кейін Трамп әкімшілігі "Азаттық радиосы" желісінің барлық қаржыландыруын тоқтатқаны белгілі болды.

Қазір оқып жатыр

Президент қазақстандықтарды «Тазару күніне» белсенді қатысуға үндеді

«Қар жеп аман қалды»: Аяғы сынған малшы 5 күн далада түнеген

Дастан Сәтбаев «Челсидің» ұсынысымен ұлттық құрамадан шеттетілді

Ер адам Алматы-Өскемен тасжолында жантүршігерлік жол апатынан аман қалды