Амантай қажының үстінен қылмыстық іс қозғалды

Алматы полициясы 83 жастағы Амантай қажыға қатысты қылмыстық іс қозғады.

ғаламтордан

Алматы, NEGE. Бұған дейін желіде Амантай қажы Асылбековтің әйелді баспалдақтан итеріп жіберген видеосы тараған еді. Осы жағдай бойынша Алмалы ауданы полиция басқармасы қылмыстық кодекстің 107-бабы (денсаулыққа қасақана ауырлығы орташа зиян келтiру) бойынша қылмыстық іс жүргізіп жатыр.

Дене жарақаттарының ауырлық дәрежесін анықтау мақсатында сот-медициналық сараптама тағайындалды.

Күдіктінің кінәсі дәлелденсе, оған 1000 АЕК-ке дейін айыппұл салады не 2 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруы мүмкін.

Қазір оқып жатыр

Біріккен Араб Әмірліктері ОПЕК-тен шығу туралы шешім қабылдады

Үйқамақта болуы тиіс Олеся Кексель Алматы әуежайында не істеп жүр?

Жамбыл облысында экс-депутаттың партиядан шығарылуына қатысты іс қайта қаралады

АМӨЗ-дегі экологиялық жанжал және Атырау тұрғындарының денсаулығы: деректер не дейді?